Жыр жұлдызы – Мағжан

15 маусымда №8 көпшілік кітапханасы Павлодар көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттеріне көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған поэзия сағатын өткізді.

Бағдарламада жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған, көзітірісінде-ақ мәңгілік сөнбес жұлдыздай жарқырап шыққан Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі туралы әңгіме, ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу, «Мен жастарға сенемін!» атты слайд-презентация, «Жүректен шыққан жырлар» атты кітап көрмесіне шолу болды. Студенттер ақынның өлеңдерінен көп әсер алды. 15 адам қатысты.   

Комментарии запрещены.