Ертекші апада қонақта

12 және 20 маусымда №3 балалар кітапханасында №21 мектептің жазғы демалыс лагеріндегі балаларға «Ертекші апада қонақта» ойын-саяхаты өткізілді. Мақсаты: балалар бойында ептілікті, тапқырлықты, білімділікті дамыту; кітапққұмарлықты тәрбиелеу.

Ертекші апаның киімін киген кітапхана меңгерушісі Алмагүл Заировна Сүлейменова ауызша халық шығармашылығы – мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар мене жаңылтпаштар, олардың адам тәрбиесіндегі маңызы туралы әңгімеледі. Бұдан кейін жүргізуші Ертекші ападан келген жеделхатты оқып, балаларды оған қонаққа шақырды. Бірақ оған жету үшін жасырылған жұмбақты шешіп, өзінің тапқырлығын көрсетуі керек. Ол үшін кітапханашы бірнеше ойын өткізді. Сонымен бірге Буратиноның қатысуымен кітап көрмесіндегі әдебиеттермен таныстырды. Буратино кейпіндегі 6 сынып оқушысы А.Паскаева өзінің биімен барлығын мәз қылды.

Іс-шараның соңында «Ертегі қобдишасы» ішінен шыққан заттарды балалар қай ертегіден және кімнің нәрсесі екенін атады. Сондай-ақ шағын қуыршақ қойылымы көрсетілді. 63 бала қатысты.

Комментарии запрещены.