«Жыр тарланы-Қалижан»

21.12.2023 ж. Орталық қалалық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург, аудармашы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Павлодар қаласының Құрметті азаматы Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожиннің 110 жылдық мерейтойына арналған «Жыр тарланы-Қалижан» атты поэзия кеші болып өтті.

Поэзия кешіне зиялы қауым өкілдері «Торайғыров университеті» профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Қ Тұрышев, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы С. Н. Сүтжанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын, журналист Ш.Б.Байғалы, ән өнерінің Облыстық лауреаты Қ. М. Уақпаева, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сонымен қатар № 30 және Қ. Бекхожин атындағы № 12 ЖОББ мектебінің оқушылары қатысты.

Әдеби-рухани шараға  қатысқан зиялы қауым өкілдері Қалижан Бекхожин шығармашылығы жайлы ой бөлісіп, оның қазақ әдебиетінің дамып, өркендеуіне жарты ғасырдан астам уақыт бойы белсенді түрде атсалысқандығы, оның өлеңдері мен поэмалары қазыналы қазақ әдебиетінің қорын байытып, кең құлашты эпикалық туындылар мен нәзік сезімді лирикалық жырлардың хас шебері атанып, жырларынан елін, жерін, халқын сүюдің үлгісін көрсеткендігі жайлы айтып өтті.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А. Оралхан Орталық қалалық кітапханаға Қ. Бекхожин жайлы Ж. Досбайдың «Жылдар-ойлар», «Қалижан Бекхожин-поэмаларының поэтикасы», Павлодар педагогикалық университетінің профессоры С. Н. Сүтжанов «Әдебиеттік өлкетану», «Торайғыров университеті» профессоры А. Қ. Тұрышев «Ғылымхал» атты кітаптарын тарту етті.

Кеш барысында Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық  университетінің І-курс студенттері Д. Кеңес, А.Сыздықов, Торайғыров университетінің І — курс студенті Д. Бақытқажыұлы, Қ. Бекхожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінің 2,3,4-сынып  оқушылары Қ. Бекхожиннің  шығармаларынан өлеңдер оқып, ән өнерінің Облыстық лауреаты Қ. М. Уақпаева мен  Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ІІІ –курс студенті Г. Арман әндерін тарту етті. Ақын шығармашылығына арналған шара «Өлеңмен шежіре өрнектеген» атты кітап көрмесімен ұласты.

Комментарии запрещены.