«Ғафу-жыр, Ғафу-сыр»

Орталық қалалық кітапхана №28 ЖОББМ 9 А сынып оқушыларымен  жазушы, ақын, Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Халықтар Достығы орденінің иегері, «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағының иегері Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл толуына (1928-1994) арналған «Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» атты поэзия сағаты өткізілді. «Оның ізі біздің мәдениетімізде жарқын», – дейді замандастары. Өйткені, ақынның шығармашылық мұрасының өзі 20 том жинақтан тұратыны және  оның еңбектері қазір таңда сұранысқа көп ие екеніне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, алған әсерлерімен бөлісті.

Ақынның шығармаларынан  «Өлеңдер өмір сүріп жатқанда, ақындар өмір сүреді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.