«Жылы сөзбен жылытайық»

4 желтоқсан күні «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне «Жылы сөзбен жылытайық» атты мейірімділік сағаты өткізілді. Балалар «Мейірімділік деген не?» әңгімесіне, «Сәлем», «Рұқсат — тыйым», «Сиқырлы дорба», «Назар аударатын ертегі» т.б ойындарға белсене қатысты.Балалар сүйікті кітаптарының мейірімді, жанашыр кейіпкерлерін есіне түсіріп, ертегілер бойынша жұмбақтар шешті,  мультфильмдердегі әндерді қуана шырқады, көрмедегі кітаптарды тамашалады.

 

Комментарии запрещены.