«Қайсар тұлға еді Қалағаң»

05.12.2023 ж. Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 7 «А» және 7 «Б»  сынып оқушылыранына жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың  туғанына 95 жыл  толуына орай «Қайсар тұлға еді Қалағаң»  атты өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби шолу өткізді. Жазушы шығармашылық жолын аудармадан бастап, драматургиялық пьесалары адам мінезінің, іс-әрекетінің күлкілі жақтарын алып суреттеуге құрылғаны туралы, сонымен қатар көрнекті жазушыныӊ болашақ ұрпаққа қалдырған бай кітапханасындағы білім мұрасын жазушыныӊ көзіндей көріп, аманатындай сақтап, оқырмандарға насихаттап, ерекше тоқталып өтті. Шығармашылығына байланысты «Қалтай Мұхамеджанов – аудармашы» бейнебаяны мен «Қаламы қарымды тұлға» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

Комментарии запрещены.