Жерлес ақынға арналған библиокарнавал

27 наурызда Орталық балалар кітапханасында Балалар кітабының апталығы аясында балалар ақыны М.Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған  библиокарнавал өтті. Кітапханаға  №41 мектептің 3 сынып  оқушылары келді.

Шараны жүргізген кітапханашылар С.Д. Нургалиева мен Е.Ю. Борякина  М.Әлімбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып берді. Көп жылғы белсенді шығармашылық қызметінің нәтижесінде түрлі жанрда жазылған  алпыс шақты кітабы шыққан. Бұл — поэтикалық жинақтар мен қомақты монографиялар, балаларға арналған сүретті  кітаптар, орыс, украин, өзбек, түрікмен, татар тілдерінен жасаған аудармалар. Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. М.Әлімбаевтың көптеген өлеңдеріне ән жазылған.

Оқушылар үлкен қызығушылықпен М.Әлімбаевтың «Кітап-жеміс ағашы» , «Санамақ» , «Дәрігер боламын» , «Қандай сөздер болады» , «Аталар және әжелер», «Көктем келді» атты өлеңдерін оқыды. Балаларға кішігірім сыйлықтар берілді.

Іс-шараның соңында  қуыршақ театрының қойылымы көрсетілді. Шараға 15 бала қатысты.

Комментарии запрещены.