«Балалардың сүйікті ақыны» атты әдеби викторина

27 наурызда  № 29 мектептің 2 сынып оқушыларына № 8 балалар кітапханасында Балалар кітабы мен музыкасының апталығына орай  балалар жазушысы Сергей Михалковтың туғанына 105 жыл толуына орай  «Балалардың сүйікті ақыны» атты әдеби сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Кітапхананың оқу залында алуан түрлі жанрда шығармалар жазған қаламгердің әдеби мұрасынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы А. К. Инсебаева балаларды жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстырып өтті. С.Михалков өлеңдер, пьесалар, мақалалар, сатира және үлкендерге арналған сценарийлер жазған. Олар мазмұны жағынан тартымды, оқуға жеңіл.

Оқушылар Архипова Вероника, Черникова Полина, Кравцова Анфиса  ақынның өздері ұнатқан өлеңдерін мәнерлеп оқып шықты. Сондай-ақ ақын өлеңдері негізінде құрылған викторинаға қатысты. Білімімен және белсенділігімен көзге түскендерге кітапхана атынан сыйлық берілді. 18 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.