Женіс күніне арналды

4 мамырда №4 көпшілік кітапханасы технологиялық колледждің 1-2 курс студенттеріне Жеңіс күніне арналған еске алу кешін өткізді.

Шараны колледждің Леонид Вилкомир, Руслан Зейнолла және Карим Фатых сияқты студенттері өздері жүргізді. Олар совет халқының сол сұрапыл жылдардағы ерлігіне тоқталды. 1945 жылдың көктемінде, бұдан 73 жыл бұрын салтанатты Жеңіс салюті бүкіл әлемге бейбітшілікті паш етті. Содан бері көп жыл өтсе де, Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыр қасіреті мен Жеңіс жолындағы қаһарман халқымыздың ерлігі халықтың жадында сақталды. Әлі сақталады және ешқашан да ұмытылмайды. Соғыс 1418 күнге созылып, қаншама адам өлім құшты, жарақат алды. Отаны үшін от кешкендердің есімдерін кейінгі ұрпақ қастерлеп есте сақтайды.

Кітапханада осы шараға арнайы дайындалған кітап көрмесіне кітапхана меңгерушісі Гүлнар Декдарбековна Мұхтарханова шолу өткізді. Студенттер Отан қорғау туралы жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқып берді. 30 адам қатысты.

Комментарии запрещены.