Жеңістің жырын жырлайық

4 мамырда №8  көпшілік кітапханасы №23 мектептің 7 «а» сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған  «Жеңістің жырын жырлайық»  атты әдеби-сазды композиция өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашы Надежда Николаевна Дьячкова сол соғыс жылдарындағы совет халқының ерлігі, бүкіл халықтың басына түскен ауыртпалық, қайтыс болғандар мен хабарсыз кеткендердің саны туралы айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жеңісті жақындатуға қосқан үлесі, Қазақстанда құрылып, генерал И.В.Панфилов басқарған әйгілі 316-гвардиялық дивизия туралы да кеңінен әңгіме болды. Ал оқушылар Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова туралы өз білетіндерін айтып, патриоттық өлеңдер оқыды, әндер шырқады. Кітапханашы балалардың сөзін павлодарлық Совет Одағының Батырлары туралы деректермен толықтырды, ол туралы слайд көрсетілді. Іс-шара соңында кітапхана меңгерушісі Қатира Мажитовна Дүйсембекова «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — ұран!» атты кітап көрмесіне шолу жасады. 35 адам қатысты.

Комментарии запрещены.