«Жазуы-ерен, ойы — терең басылым»

7 ақпан күні № 2 балалар кітапханасында Павлодар облыстық «SARYARQA SAMALY» газетінің 95 жылдығына орай «Жазуы-ерен, ойы — терең басылым» атты кездесу кеші өткізілді. Осы кездесудің құрметті қонағы ретінде газет редакциясының қызметкері Нұржайна Шодыр шақырылды. Іс-шараға 8-ші ш/а Ардагерлер кеңесінің мүшелері және зейнеткерлер қатысты. Келген қонағымыз газеттің тарихын, қазіргі жағдайын және болашақ жоспарлары жайлы әңгімелеп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кітапханашылар 2020-2024 жылдар аралығында шыққан «SARYARQA SAMALY» газетінің көрмесін ұйымдастырып, негізгі бөлімдері жайлы айтты. Зейнеткер апамыз Қарабек Рымды өзінің 1976-1978 жылдар аралығында ол кездегі «Қызыл Ту» газетінде корректор болып еңбек еткен естелігімен бөлісті. Естаева Сара Қапанқызы «Сары жайлау» әнімен барлығын құантты. Кездесу көңілді, пайдалы, мағыналы өтті деуге болады.

 

Комментарии запрещены.