«Халық жүрегіндегі қаһармандар»

Биыл Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев пен тұңғыш армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы атап өтіледі, қос батырдың құрметіне Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаменті мен бірлесіп 07.02.2024 ж. біздің кітапханада «Халық жүрегіндегі қаһармандар» атты ауқымды шара өтті. Іс-шараға Торайғыров Университетының т.ғ.к, профессор Жүсіпов Е.Қ., «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының басшысы Қаратаев Ж.Қ., және қаһарман С.Нұрмағамбетовтің қарындасы Садуова Зара Шаптеева мен қарындасының жолдасы Садуов Ағлаш Сагитович қатысты, шарада даңқты батырлар туралы мазмұнды баяндамалар оқылды, әсіресе олармен жеке қарым-қатынас жасау бақытына ие болған жандардың естеліктері ерекше құнды болғанын да айта кету керек.
Іс-шара аясында Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаев туралы «Қазақ қаһармандары» атты көрме қанат жайды, деректі фильмдер көрсетілді.
Іс-шараға Кенжекөл ауылындағы мектеп, №35 жалпы орта білім беру мектеб, технологиялық колледждің студенттері, Павлодар облысы Қорғаныс істері Департаментінің әскери қызметшілері шақырылды.

Комментарии запрещены.