«Жаратылыс тұрғысынан — адамның тағдыры»

16.05. №3 көпшілік кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырып, оқушылармен «Жаратылыс тұрғысынан — адамның тағдыры» әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Шара барысында кітапханашы жазушының әр шығармасына жеке-жеке тоқталып, шығармада не жайында суреттелгені жөнінде кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ кітапханамыздың тұрақты оқырмандары кітап көрмесімен танысып, өз ойларымен бөлісті.

Комментарии запрещены.