«Адамгершілік тәрбиесі деген…»

16 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында ұлттық тәрбие орталығының жұмысы шеңберінде № 1 мектептің 7 сынып білім алушыларымен бірге «Адамгершілік тәрбиесі деген…» тақырыбындағы пікірталас өтті. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру бүгінгі күнге дейін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – адамға жастайынан адамгершілік шешімдер қабылдауға, кез келген жағдайда адамгершілік заңдылықтары бойынша әрекет етуге, моральдық ережелердің мәні мен құндылығын түсінуге көмектесу, адамның адамгершілік жағынан жетілуіне ықпал ету, еркіндік сезімінің көрінуіне ықпал ету, басқаларды түсіну және олар үшін уайымдау. Іс-шара барысында қатысушылар рухани-адамгершілік құндылықтарға тоқталып, оқушылар «Адамгершілік дегеніміз не?», «Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?» деген адамгершілік саласындағы мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды. Қонақтар назарына «Әке қадірі» атты өте әсерлі бейнефильм ұсынылып, оған талдау жасалынды. Шара қонақтары «Сағым жылдар» ансамблінің әжелер тобының мүшелері балаларға өз кеңестерін берді. Шараға барлық оқушылар белсенді қатысты.

Комментарии запрещены.