Жаңажылдық ертеңгілік

5 қаңтарда №7 балалар
кітапханасында
№ 28 мектептің 2а сыныбының 15 оқушысына «Жаңа
жылға саяхат» ертеңгілігі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстанда және басқа
елдерде Жаңа жыллы қарсы алу салт-дәстүрімен таныстыру. Шараны жүргізген кітапханашылар Жапонияда, Бразилияда, Болгарияда
және басқа елдерде Жаңа жылды мерекелеу салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырды. Астанада Еліміздің бас шыршасы 1
желтоқсанда жағылады. Қазақстанда Жаңа
жыл туған-туыстары мен жақындарының ортасында тойланады. Ертеңгілікте оқушылар
өлең оқып, ән айтып, би биледі және конкурстарға, викториналарға және жұмбақтар
шешуге қатысты.

Комментарии запрещены.