Ел тарихына арналды

13 желтоқсанда №3 балалар кітапханасы № 21 мектептің 6 «а», 7 «г» сынып оқушыларына  «Тарих баспалдағы»   атты  библиография күнін өткізді. Мақсаты: патриоттық сезім мен азаматтық тәрбие беруге көмектесу, туған жеріне деген мақтанышын, ұлттық сана-сезімін, мемлекет тарихына деген танымдық қызығу-шылықтарын дамыту.

Библиография күні  Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. «Желтоқсан жұлдыздары» әңгімесінде шараны жүргізген кітапханашы Динара Аманкелдіқызы Калиева Қазақстанда бұл күн күнтізбеде қалай пайда болғаны, Желтоқсан оқиғасы жайлы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтты. Тәуелсіздік күніне арнайы дайындалған кітап көрмесіне еліміздің жалпы тарихы, қазақ хандығының құрылуы, Қазақстанның жаңа тарихы жайлы кітаптар  қойылды.

Кітапханашы Р.Ж. Жакиянова ел тарихынан сыр шертетін кітаптарға сүйене отырып, еліміздің жүріп өткен жолындағы айтулы жетістіктерге кеңінен тоқталды.  «Тәуелсіз Қазақстан» слайд-презентациясы бұл әңгімені толықтыра түсті. Сондай-ақ балалар еліміздің тәуелсіздік жылнамасы жайлы бейнефильмді тамашалады. Шара «Атамекен» патриоттық әнін айтумен аяқталды. Оған 40 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.