20 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде «Керемет 1-сынып оқушысы» жоба аясында, №5 ЖОББМ-нің 1 «в» сынып оқушыларына арналған «Жаңа жылдық мереке планетасы» квест-саяхаты өткізілді. Мақсаты: қысқы мерекелердің дәстүрлерімен таныстыру.
Іс шара «Великан» балалар хорының орындауындағы «Это Новый год» әнімен басталды. Содан жүргізуші Любовь Степановна Микушина жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтады; оларға қуанышты, көңілді болуларын, бар істеріне сәттілік тіледі және жұмбақтарды шешуге, кітапхана залдарына саяхаттауды және оның ішіндегі тапсырмаларды тауып алуды ұсынды. Балалар, бес адамнан құралған топтарға бөлініп, аса қызығушылықпен оралған қағаздағы тапсырмаларды тауып, оларды оқып, қуана орындап шықты.
Бағдарламада: қысқы жұмбақтардың шешілуі; кітапхана ішіндегі залдарынан шырша, ертегі, кітап және турнир сөздерінің табылуы; «Орманда шырша туыпты» әнінің орындалуы; «Жұмбақты» және «Ертегілі» виртуалды сұрақ-жауаптарының шешілуі; «Ертегіде қонақта» бейнебаянының және «Аяз ата мен Сұр қасқыр» мультфильмінің көрсетілуі.
Ең қызықты тапсырмалардың бірі: балалардың «Жаңа жылдық ғажайып алаңы» виртуалды білгірлер турниріне қатысып, белсенділері финалға жетті. Ал, супер-ойынға қатысқандары үшін кітапханадан кішігірім жүлделер алды.
Қатысушылар саны – 30 адам.