«Жаңа жылдық мереке планетасы»

17 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде «Альрами» клуб үйі мүшелері үшін «Жаңа жылдық мереке планетасы» квест-саяхаты өткізілді. Мақсаты: қысқы мерекелердің дәстүрлерімен таныстыру.

Іс шара «Великан» балалар хорының орындауындағы «Это Новый год» әнімен басталды. Содан жүргізуші Любовь Степановна Микушина жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтады; оларға қуанышты, көңілді болуларын, бар істеріне сәттілік тіледі және әртүрлі елдердегі Жаңа жылдық дәстүрлерге виртуалды саяхат жасауды ұсынды. Кітапхана қонақтары алдымен қысқы жұмбақтарды шешіп, содан кейін кітапхана ішіндегі залдардан Жаңа жылдың ерекше белгілерін іздеп, тауып алғаннан соң, оның ішіндегі тапсырмаларды тездетіп орындауға тырысты. Табылған сөздер: шырша, ертегі, кітап және турнир болды.

Клуб үйі мүшелері  «Орманда шырша туыпты» әнін шырқады; «Жұмбақты», «Жаңа жылдық», «Ертегілі» виртуалды сұрақ-жауаптардың шешімдерін тапты; «Ертегіде қонақта» бейнебаянын және «Аяз ата мен Сұр қасқыр» мультфильмін көрді.

Қатысушылар саны – 15 адам.

Комментарии запрещены.