Өзін-өзі тану сабағы

1 наурызда №6 балалар кітапханасының қызметкерлері «Сауран» клубының балаларына Алғыс айту күніне арналған «Мейірімділік пен сүйіспеншілік жолы» атты өзін-өзі тану сабағын өткізді.

Мақсаты: балалардың адамгершілік құндылықтары туралы түсінік-терін
кеңейту.

Жүргізуші алғыс айту күні туралы айта келіп, балалардың назарына «Рахмет» атты бейнеролик ұсынды.

«Мейірімділік» сөзінің мағынасы талданып, оған лайықтылар анықталды. Әрине, мейірімділік пен сүйіспеншілікке лайықты ең бірінші — ол біздің анамыз. Соған орай №27 мектептің оқушысы Анисимова Арина өзі жазған өлеңін оқыды. .

Осы тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, оған талдау жасалды және өз ойларын білдірді. «Жақсы-жаман істер» ойынына бәрі мәре-сәре болып қатысып, бір серпіліп қалды. Ал «Қызыл телпек» ертегісінен көрсетілген үзінді жақсылық жамандықты үнемі жеңетінін
дәлелдеді.

«Сауран» клубының әншілері, №12 мектептің оқушылары Жакупова Гүлнұр, Болат Сабина және Иманғазы Мендігүл «Маралдым» әнін орындады. Шара қонақтары кітапхана қызметкерлеріне қызықты іс -шара үшін алғыс айтты.

28 адам қатысты.

DEN-BLAGODARNOSTI-1.th.jpg DEN-BLAGODARNOSTI-2.th.jpg DEN-BLAGODARNOSTI-3.th.jpg

Комментарии запрещены.