14 ақпанда Павлодар ауылының көпшілік және балалар кітапханаларының қызметкерлері оқырмандарға, «На огонек» клубының мүшелеріне және мектептің бастауыш сынып оқушыларына көне орыс салты — қысты шығарып салуға арналған «Масленица» мерекесін өткізді.
Кітапхананың оқу залы әсем безендірілді. Кітапханашы Гүлнара Асхатқызы Серғазина «Масленица» мерекесінің тарихына тоқталды. Ауыл әкімі Аждар Сағынтайұлы Жүсіпов жиналғандарды мерекемен құттықтап, балалар мен ата-аналарға өлкетану музейіне келуге билет
таратты. Еңбек ардагерлері құттықтап сөз сөйледі.
Ауыл өнерпаздары мен оқушылар өлеңдер оқып, ән шырқады. Сондай-ақ викторина мен ойындар ұйымдастырылды. Жиналғандар мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Шараға 40 адам қатысты.