Қанатты достарға арналған шара

14 ақпанда кітапхана кеңістігін кеңейтеді бағдарламасы шеңберінде  №2 және №3 балалар кітапханасының қызметкерлері №4 көмекші мектеп-интернатының  тәрбиенушілеріне  «Қанатты достар» атты орнитологиялық ойын өткізді.

Мақсаты: оқушылардың құстар туралы білімдерін толықтыру,  халық ырымдарымен  таныстыру; туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапхананың ынтымақтастық байланысын кеңейту.

Шараны жүргізген кітапханашылар Кеңесбаева Гүлбану Қалымқызы мен Сүлейменова Алмагүл Зайырқызы өткізген «Біздің қанатты достарымыз» әңгімесінен балалар жер бетінде құстардың 8600 түрі бар екенін, Қазақстанда 488-ден астам түрі мекендейтінін, құстардың ең көп —  2500-ден астам түрі Онтүстік Америкада екенін білді. Құстарды барлық жерде: алыста да, жақында да, орманда да, далада да, өзенде де, тауда да кездестіруге болады.

Балалар  құстардың дауысына, сипаты мен істеріне қарай түрлерін ажыратуға арналған ойындарға қатысып, олардың  торғай, сауысқан, қарға, бұлбұл, шағала, балықшы, балташы, құрылысшы,  акробат және басқа да түрлері болатынын білді.  «Құстар әлемінен қызықты деректер» атты жедел ақпараттан  құстардың адамдарға жасайтын пайдасын білді. Құстар туралы мол дерегі бар әсем безендірілген кітаптарды қызыға тамашалады. Осы тақырыптағы викторинаға қатысты.

Қуыршақ қойылымын көрсету – кітапханалардың игі дәстүрі деуге болады. Осы жолы  «Шұбар тауық» ертегісі негізінде қойылым көрсетілді. Мектеп-интернат директорының орынбасарлары  Марченко Юлия Князевна мен Адамова Альмира Сергалыевна кітапхана қызметкерлеріне өскелен ұрпақты тәрбиелеу ісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Іс-шара соңында барлығы естелік фотоға түсті. Шараға 15 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.