Кітапхана балабақшада: «Ізгілік ұмытылмайды»

           14 ақпанда №10 көпшілік кітапханасының қызметкерлері «Бөбек пен
кітапша» пилоттық жобасы аясында №34 балабақшаның үлкендер тобымен «Ізгілік ұмытылмайды» атты кітапхананың балалар мекемесіне сапарын өткізді. Бүгін халық
ертегі-лерінен тұратын «Ізгілік ұмытылмайды» кітабы таңдап алынды. Оны дауыстап
оқу кезінде балалар кейіпкерлермен бірге толқыды. Сосын кітапханашы Наталья
Ивановна ұққандарын айтып берулерін сұрады. Балалар бірінен кейін бірі дұрыс
мазмұндады. Жасалған түйін – ізгілік ешқашан ұмытылмайды.

           Балалардың барлығының өздерінің үйде, көшеде, балабақшада жасаған ізгі
істері туралы айтқылары келді. Шараны жүргізгендермен бірге ізгі адам қандай
болу керек дегенге жауап берді. Өсімдіктерге, жануарлар мен құстарға жанашырлықпен қарау керектігін түсінді.

           Кітапхана меңгерушісі Ирина Васильевнаның жетекшілігімен балаларға ата-аналары бұған дейін оқып берген ізгілік пен жақсылық туралы әсем кітаптарға талдау жасалды. Бұл
жолы тәрбиеленуші Матвей Васильев ерекше көзге түсіп, өз қиялынан туған ертегіні айтып берді. Ол келесі кездесуге де осындай әңгіме айтуға уәде берді. Кітапханашылар балалармен қоштасу кезінде оларға тағы да бір аптаға үй тапсырмасын берді.

           Шараға 18 адам қатысты.

GEDC3704-1.th.jpg GEDC3701.th.jpg

Комментарии запрещены.