18 наурыз күні балалар кітабы апталығын мерекелеу шеңберінде № 14 мектептің 4 «А» сынып оқушыларына балалар жазушысы Виталий Бианкидың 125 жыл толуына орай «Виталий Бианкимен орманға саяхат» атты танымдық бағдарламасы өткізілді. Шара барысында оқу залында Виталий Бианкидың шығармалары бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды, балалар оларға көңіл аударып оқып жатты.
Танымдық бағдарламаның басында кітапханашы Альмира Кенесхановна Инсебаева оқушыларды жазушы В.Бианкидың өмірі және шығармашылығымен таныстырып өтті. В. Бианки 35 жыл бойы балаларға арнап кітаптар жазған болатын, барлығы 300 повест пен әңгімелер және ертегілер. Оның шығармалары танымдық ғана емес, сонымен қатар еліктіргіш. Содан соң жүргізуші-кітапханашы Инсебаева А. К. «Әдеби аукцион» өткізді, бұл ойында оқушылар жазушының шығармаларын атау керек болды, ал «Аңдардың іздері» атты сайыста балалар тапқырлық көрсете білді. Балалар шара барысында тағы да басқа көптеген сайыстарға қатысты: «Хвостатая викторина», «Сороки-тараторки» жаңылтпаштар сайысы, «Құстар әңгімелері» жұмбақ сайысы. Іс шараның аяғында естелік сурет жасалды.