«Елі ардақтаған ақын» атты әдеби сағаты

№ 8 балалар кітапханашылары № 14 мектептің  6 «ә» сынып оқушыларына         балалар кітабы апталығы шеңберінде  балалар ақыны, жерлесіміз М. Жаманбалиновтың 95 жыл толуына орай «Бақытты балалық шақ» атты әдеби сағаты өткізілді. Оқу залы дәйек сөздермен толықтырылып, шарлармен безендірілді. Балалар көрмемен танысып, ондағы қойылған кітаптар туралы өз ойларын білдірді.

Кеш кітапханашылар  ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық  мәлімет берді. Жүргізуші – кітапханашы С. К. Кумалакова  ақынның әр шығармасына тоқталып отырды. Ақыннын творчествосы көп жанрлы: өлең, жұмбақ, жаңылтпаштар, дастандар. Іс шара барысында 6 сынып оқушылары Тілектес Айдана, Айбек Айым, Мигранов Арман, Мұсабаева Аружан аынның өлеңдерін оқыды.   Ақынның жұмбақтары  бойынша сөзжұмбақ құралды.  Кештің аяғында кітапханашы Кумалакова С. К. «Бала сөзбен дана сөзбен жыр төккен» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу өткізді. Жыл сайын өткізілетін Балалар кітабы апталығы – барлық кітап оқитын балалардың ортақ мерекесі. Бұл ғажайып мерекеде біз барлық балаларды құшақ жая қарсы алып, кітап әлеміне жетелейміз.Қатысқандар саны: 30 адам.

Комментарии запрещены.