Мерекелік квест «Күн мен мейірімнен нәр алған..»

2019 жылдың 15 наурызында  №10 қалалық кітапхананың  Коворкинг орталығында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған №24 ЖОББМ мұғалімдері мен оқушылары, тұрақты оқырмандарға арналған мерекелік шара болып өтті.

Орталық іші ұлттық үлгіде безендіріліп, түскиіз керіліп, төр көрпелер төселіп,ақ дастархан жайылды. Кітапханашылар мен оқушылар ұлттық киімде болды.

Алдымен Наурыз мейрамының шығу тегіне байланысты қысқаша мәліметтер берілді. Мектеп оқушысы Сансызбай Алдияр Қыдыр ата болып қатысушыларға ақ батасын берді. Ән әуелеп, би биленді. Батыр бабаларымыз сияқты мықты болуымыз керек деген оқушылар арқан тартысып, білек күрестіріп, бауырсақ жеу сияқты сайыстарға белсене қатысты. Барлық өткізген шараларға оқушылар белсене қатысты.

4- сынып оқушылары «Қара жорға» биін билеп, «Қазақы дастарханым» әнін нақышына келтіре орындады.

Шара соңында барлығы дастарханнан дән татып, ескерткіш суреттерге түсумен аяқталды.

Кітап көрмесі әдебиеттерді көруге, 28 дана.

Музыкалық безендіру «Қазақы дастарханым», «Наурыз келді», «Тәуелсіз елдің ұраны», «Менің елімнің ертеңі», «Қара жорға», «Узбек» биі;

Үйлестіру №24 ЖОББМ 4- сыныбының сынып жетекшісі Б. А. Садыкова , музыка мұғалімдері – М.П. Соловьева; Б.З. Абулгазинова

Қатысушылар №24 ЖОББМ мұғалімдері, оқушылары, тұрақты оқырмандар

Қатысушылардын саны 46 адам

 

 

 

 

 

Комментарии запрещены.