«Түрлі-түсті ертегілер» атты ойын-сайыс бағдарламасы

2019 жылы 27 наурызда Орталық балалар кітапханасының оқу залында «Көру қабілеті нашар балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер бақшасы МКҚК даярлық тобының 26 баласы үшін қазақ тілінде Балалар кітаптар апталығы аясында «Түрлі-түсті ертегілер» атты ойын-сайыс бағдарламасы өткізілді.

Жүргізушілер Жанар Пазыловна Дюсенбаева және Сапура Мұрат қонақтарды қарсы алып, балаларға ертегілер еліне саяхат жасауды ұсынды.. Сонымен қатар, Тазша бала қазақ халық ертегілерінің кейіпкері қонаққа келді. Ол балаларға сұрақ-жауап ойынын , әртүрлі, қызықты ойындар өткізді және сиқырлы ертегілер бойынша өздерінің тамаша білімдерін көрсете отырып, жұмбақтар шешті.

Одан әрі балаларға «Ертегіде қонақта» атты слайдтың сүйемелдеуімен  ертегілер бойыша сұрақ-жауап ойыны көрсетілді. Әсіресе, балаларға кітапхана қызметкерлері ұсынған «Бауырсақ» қуыршақ қойылымы ұнады.

Ал «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты  танымдық мультфильмі балаларға кез келген зұлымдық жазаланатынын, ал игі істер  жасағаны үшін сыйақы берілетінін түсінді.

Іс-шара балаларға өте ұнады, барлығы ойындарға, сұрақ-жауап ойындарына белсене қатысты. Көңілді және қызықты болды.

Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, балалар кітап көрмесімен танысты. Балалар кітаптармен қоштасқылары келмеді, оларды ертегілерінің кейіпкерлер бар әдемі суретті кітаптар қызықтырды.

Комментарии запрещены.