«Наурыз тойы – мерекем,салт-дәстүрім — берекем» танымдық-ойын бағдарламасы

№ 3 балалар кітапханасының оқу залында № 21 ЖОББМ  4 «е» сынып оқушылары үшін «Наурыз тойы – мерекем, Салт-дәстүрім — берекем» танымдық- ойын бағдарламасы өткізілді.

Мақсаты: Наурыз мейрамының шығу тарихымен таныстыру.

Шара «Наурыз құтты болсын!» құттықтау бейнеролигімен басталды. Жүргізуші-кітапханашы Р.Ж. Жакиянова кіріспе сөзінде слайд көрсету арқылы балаларға Наурыз мейрамының шығу тарихы, мереке қай кезден тойланып келе жатқанын айтты. Ары қарай О. С. Немлиенко «Туған жеріңді білесің бе?» сұрақ-жауабы мен «Топаем, хлопаем» ойынын өткізді. Д.А. Калиева «Теңге алу», «Кім мықты», «Кәмпитті ұстап ал», «Тақия» ойындарын өткізді. Балалар наурыз мерекенің ең басты тағамы «Наурыз көженің жасалуы» туралы бейнероликті тамашалады. «Сен білесің бе?» серия кітаптары бойынша «Қуанып, шаттан: бізге Наурыз келе жатыр!» кітап көрмесіне қысқаша шолу жасалды. Барлық балалар бауырсақтар мен тәттілерден ауыз тиді.Шара соңында балалар бір-бірлеріне тілек айтты. Шара балаларға ұнады. Қатысқандар саны: 26 адам.

Комментарии запрещены.