«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

13 сәуір күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері Мұхтар Әуезов атындағы жалпы мектебінің кітапханашыларымен бірлесіп жаңадан еңбек жолын бастаған педагог мамандарына арнап «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»  атты жас педагог мамандар күнін өткізді. Іс-шараға  бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Мектеп кітапханасының меңгерушісі Жүнісова Гүлзира Еркенқызы оларды қосымша әдістемелік құралдармен таныстырса,  біз балаларға арналған кітап-журналдардың шолуын жасадық. Сонымен қатар кітапханашы Абдуллина Гулжанат Қайроллақызы  танымдық, интеллектуалдық-психологиялық ойындар өткізді. Мұғалімдер белсенді қатысты. Оларға кітапханамыздың жұмыс тәртібі жазылған визиткалар таратылды.

Комментарии запрещены.