«Қаламгердің сара жолы»

19 сәуір Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын алып келген белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіков туралы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Қаламгердің сара жолы» атты №17 жалпы білім беру мектебінің оқушыларымен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшесі, аудармашы Серік Қинятұлы Сатыбалдин қатысты. Жазушы — 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьеса авторы. Ал, тырнақ алды «Райхан» атты әңгімесін қаламгер 20 жасында жазыпты. Сонымен қатар, оның бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылды. Оқушылар құрметті қонағымызға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызығушылықпен қаламгер туралы мәліметтерді тыңдай алды.

Комментарии запрещены.