«Ұмытылмас отты жылдар» атты ертеңгілік

6 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығын тойлау аясында № 8 балалар кітапханасында  Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, Қанаш Қамзинге  арналған «Ұмытылмас отты жылдар» атты ертеңгілі  өтті. Шараның басында сол сұрапыл соғыста қаза болғандарды еске алу бір минут үнсіздік жарияланды.Оқушыларға Кеңес Одағының Батырлары  — Павлодарлықтар туралы бейнематериалдар ұсынылды. Кітапханада «Ертіс өңірінің батырлары: Қанаш Қамзин» көрмесі ұйымдастырылды.Кітапханашы А. К. Инсебаева   Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзинның  ерлігі туралы айтып берді.  Қанаш атамыз — 429-шы ату полкінің рота командирі лейтенант. Ол 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1944 жылдың 14 сәуірінде ротаны шабуылға көтеріп, өзі Гура-Выкулай ауылының шетінде қаза табады. Молдавияның Новоаненск ауданы Гура-Выкулай ауылында жерленген. 1944 жылдың 13 қыркүйегінде Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен батырлығы мен ержүректілігі үшін Қанаш Қамзинге қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған.Оқушыларға арнайы осы шараға Павлодар облысының Батырлары, Қанаш Қамзинге арналған бейнефильмдер мен слайд көрсетілді.

Шара барысында 4 «Ә» сынып оқушылары Рамазанова Азалия, Бахтыбай Әлімжан, Борабаева Аяжан —  Қанаш Қамзинның  ерлігіне арналған өлең жолдарын оқыды.  Ал 4 сынып оқушысы  Бейсенхан Толғанай  жергілікті ақын, журналист Ғалымбек  Жұматовтың «Қырандай биіктерден қараған» өлеңін мәнерлеп оқып шықты.Қанаш Қамзин  біз үшін нағыз азаматтық және жауынгерлік ерлігі мен Отанға қызмет ету мен өмірлік төзімділіктің үлгісі болып қалады. Шараға 32 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.