«Ерлік пен даңқ жолы»

8 мамырда  № 21 ЖОББМ оқу залында  7 «г» сынып оқушыларына «Ерлік пен даңқ жолы» библиография күні өткізілді. Мақсаты: Кеңес Одағының Батырлары, біздің жерлестеріміз Иван Кутурга, Канаш Камзин және Андрей Елгиннің ерліктері туралы айту. Қатысқандар — 30 адам.

Библиография күні «Жеңіс күні» әнін тыңдаумен басталды. Іс-шара

Р. Рождественскийдің «Помните!» соғыс туралы бейнеролигін тамашалаумен жалғасты. Ары қарай балаларға слайд-презентация көрсетіліп, Ұлы Отан соғысына тарихи саяхат жасалды. Оқушылар Иван Кутурга, Канаш Камзин және Андрей Елгиннің өмірбаяндарымен, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған ерліктерімен танысты. Сонымен қатар балалар буктрейлер көріп, соғыс туралы әңгімелейтін кітаптармен танысты. Шара «Ұрпаққа аманат» кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Комментарии запрещены.