«Ұмытылмас батырлардың ерлігі» ерлік сағаты

1 ақпан күні  № 15 көпшілік кітапханасы дарынды
балаларға арналған қазақ- түрік лицейінің 9 сынып оқушыларына Павлодар облысынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары
— В.В.Степаненконың туғанына 95 жыл, С.С.Мүткеновтің туғанына 105 жыл, М.М. Катаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұмытылмас батырлардың ерлігі» атты ерлік сағатын өткізді.

Шара «Звезды нашей победы» атты бейнероликті көрумен басталды. Шараны жүргізген кітапханашы Қабылова Әйгерім Барлықханқызы өңірімізден шыққан Кеңес Одағының Батырлары: Василий Степаненко, Серікбай Мүткенов, Михаил Катаевтың өмірбаяндары, ерлік істері жайлы айта келіп, соғыстың халыққа әкелген қайғы-қасіреті туралы кеңінен әңгімеледі.

Шарада Ғафу Қайырбековтің «Жеңіс солдаты», Жұбан Молдағалиевтің «Соғыстың, қыстың ызғары» атты өлеңдері оқылды.

Бұдан кейін кітапханашы оқушылармен шағын викторина өткізіп, арнайы дайындалған «Павлодар жерінің мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Шара соңында жас ұрпақ әрқашан соғысқа қатысқан жауынгерлердің ерліктерін ұмытпауға, құрметтеуге және мәңгі есте сақтауға уәде берді.

Қатысқан 15 адам.

 

Комментарии запрещены.