Кітапханадағы өлкетану сағаты

2018 жылы Павлодар облысы 80 жылдық мерейтойын тойлайды. Осыған орай № 8 балалар кітапханасында жыл бойы қала мектеп оқушыларына көптеген шаралар өткізілуде. Бүгінгі өлкетану сағаты мерекелік шараның басы болды. Ол №29 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара мақсаты оқушылардың Павлодар облысы туралы білімдерін арттыру болды.

Жыл басынан бастап оқу залында «Павлодар – туған өлкем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорынан әдебиеттермен бірге газет-журнал материалдары да қойылды.
Шара басында кітапханашы А. К. Инсебаева оқушыларға аймағымыз туралы әңгіме
өткізді. Оны слайд-презентация толықтырып отырды. Ертістің жағасында орналасқан өңірімізге 80 жыл толыпты. 1938 жылы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысын екіге бөлу туралы жарлық шықты, оның біреуі – Павлодар облысы. Біздің облысымыздың әдемі ландшафтары бар. Табиғаты бай,
күннен-күнге дамып келе жатқан өндірісті мекен. Одан шыққан дарынды адамдар көп.
Павлодар облысының інжу-маржандарының бірі — «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық
паркі. Павлодар облысында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар бар, олар: «Қазақстан алюминийі зауыты» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Павлодар
мұнай-химия зауыты» АҚ және басқалар.

Павлодар облысы бүкіл әлемге танымал таланттарға бай.
Олар — ақындар, музыканттар, өнер қайраткерлері, ұлы ағартушылар, спортшылар
мен журналистер. Шара барысында оқушыларға Павлодар облысы туралы сұрақ-жауап
ойыны ұсынылды. Кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді. Шараға – 25 бала қатысты.

15bea5f7fdde968fb.th.jpg

Комментарии запрещены.