«Ұлы адамның ұлы істері»

Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы адамның ұлы істері» атты ақпарат күнін №3 көпшілік кітапхана қызметкерлері 30 қараша күні сағат 12.00-де өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуының тарихи оқиғаларымен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың маңызды рөлін ашу, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында әңгіме өткізіліп, Президент туралы слайдтар көрсетілді. Қатысушылар біздің Тұңғыш Президенттің өмірбаянымен, оның отбасымен, әуестігімен танысты. Кітапханашы Б. Г. Елемесова Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің тарихи жылнамасын ұсынып, Тұңғыш Президенттің саяси және қоғамдық қызметі туралы әңгімеледі. Кездесу барысында Н. А. Назарбаев туралы бейнеролик көрсетіліп, «Адам портреті және саясат» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.  Іс-шара 25 адамды қамтыды.

Комментарии запрещены.