«Тіл – Тәеулсіздіктің тірегі»

Желтоқсанның 5 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында №2 орта мектебінің 6 сынып оқушыларына ҚР «Тіл туралы заңының» 30-ж. арналған «Тіл – Тәеулсіздіктің тірегі» атты әдеби-танымдық сағатын өткіздік. Мақсаты: Отанға, туған тілге деген сүиіспеншілік сезімін тәрбиелеу, «Тіл туралы заң» жаилы, мемлекеттік тілдің мәртебесі, маныздылығы жаилы аиту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Кітапханашы Мамбетова Л.С. әр тәуелсіздік елдің  елтаңбасы, әнұраны, туымен қатар өз мемлекеттік тілі бар деп айтты. Биыл «Тіл туралы заңның» 30-жылдығы тоилануда. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік елдің трегі. 6 сынып оқушылары: Берикова А., Арыстан А., Аубакирова А., Жунусова М., Сагидолла А., Рыспекова А. ана тілі туралы қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды, қатысушылар   тіл туралы, туған жер туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді, жұмбақтарды шешіп жауаптарын үш тілде берді. «Тәуелсіз Қазақстан» атты викторинаға балалар белсене қатысты. «Халықтың жаны — тіл» атты кітап көрмесінен шолу өткізілді. №43 мектептің оқушысы Рыспаева Адина ұлы Құрманғазының «Балбрауын» күиін орындады. «ҚР тілдері туралы» бейнеролик көрсетілді. Шарада Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалды. 20 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.