«Тұңғыш Президент күні» қызықты ақпарат сағаты

Павлодар қаласының № 79 балабақшасының ересектер тобының балалары үшін

Мақсаты: балаларға  көшбасшысы туралы, Президентімізге,  отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық тәрбие беру, білімдерін кеңейту.

№ 7 балалар кітапханасының кітапханашылары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап «Тұңғыш Президент Күні» қызықты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы Г. В. Цаплина әңгіме барысында «№ 79  балабақшаның  ересектер тобының балаларына еліміздің  көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық өмірбаяны және  бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлі  туралы әңгімеледі. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Президент резиденциясы мемлекетіміздің астанасы Астана қаласында орналасқаны, Елбасымыз мемлекеттік рәміздер құрылтайшысы- әнұранның авторы  екені балаларға таныстырылды. Тұңғыш президенті туралы сұрақ-жауап ойыны ойналды.

Қатысқандар 23 адам. 29.11.2018

Комментарии запрещены.