«Татулықты ту еткен тұлға» ақпарат сағаты

№ 17 көпшілік кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 29 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күнініе орай «Татулықты ту еткен тұлға»  атты ақпарат сағаты №7 ЖОББ мектебінің кітапханасында өтті. Бұл іс-шараға осы мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Тұңғыш Президент туралы мәлімет беру, Президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Елбасының Теміртау қаласында Қазақстан Магниткасы құрылысындағы еңбек жолдары мен  қызметтері туралы ақпарат сағаттан  жас оқырмандар қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті, татулықты ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне арналған «Елі үшін туған — Елбасы» атты бейне-сюжетін балалар тамашалады.

Сондай-ақ ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек еткен Н. Ә. Назарбаев туралы кітаптармен кітапханашы А.Жармағамбетова жас оқырмандарды  таныстырды.  Шара соңында кітапханашылар ұйымдастырған «Ел көшбасшысы» атты викторина ойынына оқушылар белсенді қатысты. Қатысқандар – 16 адам

Комментарии запрещены.