«Туған жерім Қазақстан» этнографиялық калейдоскоп

№ 3 балалар кітапханасында  № 21 ЖОББМ   4  «ж» сыныптың оқушыларына «Туған жерім Қазақстан» этнографиялық калейдоскоп өткізілді. Мақсаты: Туған жердің құндылығы мен сұлулығы туралы түсінігін кеңейту. Өз елінің өткені мен бүгіні туралы қызығушылығын дамыту, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерімен, географиялық жағдайымен таныстыру..

«Көрші» жобасы аясында № 3 балалар кітапханасында «Туған жерім Қазақстан» этнографиялық калейдоскоп өткізілді. Жобаның қонақтары № 21 ЖОББМ оқушылары болды. Жүргізуші іс-шараны қуаныш шеңберінен бастады, балалар Отан деген не екенін тыңдады, сұрақтарға жауап берді және өз пікірлерін айтты. Сонымен қатар біздің еліміз мен басты қалалар, жер қойнауы мен табиғат, салт-дәстүр туралы айтылды. Балалар біздің ұлы және тамаша Отанымыз туралы көп мәлімет алды.«Қоржын» тосынсый сәті көрсетілді. Балалар «Тақия тастамақ» және «Хорошо» ойындарын ойнады.

Қатысқандар 10 адам.

Комментарии запрещены.