«Ғарыш даусын далада есту» ақпарат сағаты

№ 3 балалар кітапханасында  № 21 ЖОББМ   4  «ж» сыныптың оқушыларына ғарышкерлер күніне орай « Ғарыш даусын  далада есту» ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты:  балаларды ғарыш туралы, ғарышты алғашқы ашушылар туралы білімдерін дамыту. Қатысқандар 23 адам.

Жүргізуші Жакиянова Р.Ж. балаларға адамзат мақтан тұтатын әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің өмірбаянын айтып, ғарышкер өмірінен қызықты эпизодтар оқыды. Ары қарай балалар бірінші әйел ғарышкер Валентина Терешкова, бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың өмірімен таныстырды. Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айтылды. Жүргізуші «Дружные ребята»газетінің оқырмандарына алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің қызықты жауап берген сұхбатын оқыды.

Шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.  Шара балаларға ұнады. Балалар ғарыш,ғарышкерлер туралы көп мәлімет алды.

Комментарии запрещены.