«Туған тіл – достық тілі» ғажайып алаң ойыны

4 қыркүйек  № 3 балалар кітапханасында № 2 бала-бақша балалары үшін   «Туған тіл – достық тілі» ғажайып алаң ойыны өткізілді.

Мақсаты: қазақ тілін насихаттау, жерлесіміз, ақын Ольга Григорьеваның шығармашылығымен таныстыру.

Шараны жүргізуші -Жакиянова Р.Ж ашты. Ол жерлесіміз, ақын Ольга Григорьеваның  өмірбаянымен таныстырды. «Ғажайып алаң» ойынында ақынның өлең-жұмбақтары жазылған карточкалар берілді. Балалар жұмбақтың шешуің тауып, сол сөзді қазақшаға аударып айтты. Ақынның жұмбақтар мен өлеңдері оқылды, балалар қазақ тілінде жаңа сөздермен танысты. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар берілді. Шара «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» кітап көрмесіне шолумен аяқталды. Қатысқандар 24 адам.

Комментарии запрещены.