«Ел тағдырының жаңа көрінісі»

          № 10 көпшілік кітапхананың коворкинг орталығында 29 тамыз күні «Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысшылары» ММ №4  өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін «Ел тағдырының жаңа көрінісі» атты экспресс диалог өткізілді.  ҚР Конституциясына арналған шараны қазақ және орыс тілдерінде Абрамова И.В мен Займолда Р. жүргізді.

Жүргізушілер алдыменен ҚР Конституция күнімен құттықтап, Конституция – бұл мемлекетіміздің тірегі басты заңымыз екендігін айтып шараға қатысушылар арасында диалог тудырып, ойларын тыңдады. Диалогты  «Ата Заң – мемлекеттілік тірегі» бейнефильм толықтыра түсті.  Фильм Қазақстанның қалыптасу барысы жайлы, қазақ жерінде қалыптасқан әртүрлі топтар барысында, елдігіміздің қалыптасу жолында ата бабаларымыздың басынан өткен қиыншылықтары , арманы, мақсаттары жайлы көрсетілді. 1991 жылы еліміздің арманы орындалып егемендігін алғандығы, мемлекеттің басты заңы 1995 жылы қолданысқа еніп бекітілгені жайлы да көрсетілді.

Әскери қызметкерлермен өткізіліп отырған шара барысында жүргізушілер олардың ойын білу мақсатында Конституцияны ұстанып өмір сүру деген қалай түсінетіндіктерін сұрады. Олар Конституциямен өмір сүру қажеттілігімен қатар азаматтық міндет екендігін, заңдағы өз құқықтарын біле тұра, өзгенің де құқығын сыйлау керек екендігін айтып өтті. Конституцияның әр бір тармағы Қазақстан халқының толықтай еркін өмір сүруіне, қажеттілігін толықтай қамтамасыз ету жолындағы құқықтары енгізілген. Ата Заңымызды көптеген елдер өте тұрақты заң екендігін мойындады.

Сол себептен біз жеке азамат емес, қазақ халқы, тұрғындары емес, азаматтық қоғам емес, географиялық кеңістік емес толықтай Қазақстан деген мемлекетпіз.

Экспресс-диалог әскери қызметкерлермен «Бәйге» сұрақтарын өткізумен жалғасын тапты. Бәйге Конституцияның 18 статьясы секілді 18 сұрақтан құрастырылды. Барлық сұрақтарға белсене жауап берді. Сонымен қатар шара соңында дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан Абай 175 жылына орай ЧЕЛЛЕНДЖге Гросс Диас Иванович қатысып өлең оқып өз үлесін қосты.

Комментарии запрещены.