«Туған елім – Қазақстан»

25.10 сағат 12.00-де Республика күнін мерекелеу аясында № 3 көпшілік кітапхана қызметкерлері жастармен «Туған елім – Қазақстан» диалогын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, ел тарихына, өз кентіне деген қызығушылығын дамыту, азаматтық, патриотизм сезімін тәрбиелеу. Диалогқа Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ҚР ТЖМ еңбек сіңірген ардагері Ибрай Зайкенұлы Кәрібаев, №33 мектептің 8 Г сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның бірінші бөлімінде мемлекетіміздің Тәуелсіздігін қалыптастырудың негізгі кезеңдері еске алынды. Ибрай Зайкенұлы ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы кенттің дамуы туралы айтып, балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға қатысушылар өз диалогында жастар саясатының басымдықтарын, сондай-ақ жастардың алаңдаушылығы мен проблемаларын атап өтті. Қамту 20 адамды құрады.

Комментарии запрещены.