25 қазан Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады.

25 қазан Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды.

2009 жылы Қазақстанда Республика күнін мерекелеу тоқтатылды.

2022 жылғы маусымда Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуді қалпына келтіруді, оған ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

YouTube player

Комментарии запрещены.