«Туған жердің жылуы» әдеби қонақжайы

21 ақпанда №8 көпшілік кітапханасы №23 мектептің 9 сынып оқушыларына Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «Туған жердің жылуы» әдеби қонақжайын өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашы Надежда Николаевна Дьячкова Павлодар облысының 80 жылдық тарихы туралы әңгімеледі. Осы жылдар ішінде, әсіресе тәуелсіздік кезеңінде қолжеткен
жетістіктерге, атап айтқанда, қанша зауыт-фабрика, тұрғын үйлер, мәдениет
үйлері, саябақтар мен скверлер, мектептер мен балабақшалар салынғанына
тоқталды.

Бұдан кейін балалар «Павлодар облысы: кеше, бүгін» бейнефильмін тамашалады. Облысымыздың көрікті жерлері, Баянауыл табиғи қорығы, Жасыбай, Сабындыкөл. Торайғыр көлдері,
әлемде сирек кездесетін қарағайлы алқап, қасиетті жерлер туралы көп мәлімет
алды. Сондай-ақ арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалды. 50 адам
қатысты. 

Комментарии запрещены.