Кітапханашылардың балабақшаға кезекті сапары

21 ақпанда №10 көпшілік кітапханасы «Бөбек пен кітапша» пилоттық
жобасы аясында №34 балалар бақшасының «Жемчужина» орта тобының
тәрбиеленушілеріне арналған кезекті іс-шараны өткізді.

Бүлдіршіндер кітапханашыларды қуана қарсы алды. Кітапханашылар бүгінгі
әңгімені бастамас бұрын өткенде үйге берілген тапсырманы еске түсіруді сұрады.
Бүлдіршіндер қолдарын көтеріп, апта ішінде ата-аналары қандай кітаптар оқып
бергенін жамырай айта бастады. Көптеген ата-аналардың кітап оқып бергені бізді
қуантты.

Шараны жүргізгендер кезекті кітапты оқудан бұрын бүлдіршіндерден өнегелі
балалар жиі айтатын әдептілік сөздері туралы әңгімелесті. Балалар «рақмет»,
«кешіріңіз» сияқты сөздерді және олардың сиқырлы күші туралы түсіндіруге
тырысты. Бұлардың барлығы белгілі балалар ақындарының өлеңдерімен бекітілді.

Кітапханашы халық ертегісі негізінде жазылған «Бәйге» кітабын дауыстап оқи
отырып, онда кездесетін «бәйге», «арғымақ» сөздерінің мағынасын түсіндірді.
Ертегіні мұқият тыңдаған балалар ондағы кейіпкерлер – жануарлар туралы өз
ойларын жарыса айтты.

Бұдан кейін кітапхана меңгерушісі Ирина Васильевна Абрамова жергілікті ақын Ольга Николаевна Григорьеваның «Әдепті бала» кітабы бойынша қызықты да әсерлі әңгіме өткізді.

Балалар кітапханашылар өздерімен бірге әкелген әсем кітаптарды қызыға тамашалады. Шара соңында бүлдіршіндерге ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге дайындайтын үй тапсырмасы түсіндірілді. 20 бүлдіршін қатысты. 

103.th.jpg

101.th.jpg

Комментарии запрещены.