Төле би — Ұлы жүздің бас биі

6 қазан күні № 21 ЖОББМ 10 сынып оқушыларына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының ұлы билерінің бірі, шешен және ақын Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай, «Төле би — Ұлы жүздің бас биі» тарих сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балалар қазақ қайраткерінің өмірі мен қызметінің әртүрлі аспектілерімен таныс болды. Жүргізуші балаларға Төле би қалай  «Қарлығаш әулие» деген атқа ие болғандығы туралы айтып берді. Іс-шара ұлы биге арналған слайд-презентациямен сүйемелденді. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.