Бүкіл ел – оқимыз

2023 жылғы 3 қазан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында  «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында №1 ЖОББМ-нің 7 «а» сынып оқушыларына «Бүкіл ел – оқимыз» жедел–ақпарат өткізілді. Акцияның мақсаты — ұлттық әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау, рухани мұраны сақтау, жастарды оған тарту, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі заманғы әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жедел-ақпарат белгілі драматург, жазушы және қоғам қайраткері — Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналды. Кітапханашы белгілі қазақ классигінің өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы айтып берді. Іс-шара соңында балаларға кітап көрмесі ұсынылды, онда әдебиеттерге шолу жасалынды.

 

Комментарии запрещены.