«Тілге құрмет – елге құрмет» блиц-визиткасы

26 қыркүйек күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде Павлодар қаласының тіл дамыту және мәдени бөлімнің бастамасымен мектеп мұғалімдеріне, кітапханашылар мен №5 ЖОББМ-нің жоғарғы сынып оқушыларына Қазақ КСР-де тілдер туралы заңның қабылдануының 30 жылдығына арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» блиц-визиткасы өткізілді.

Жүргізуші – кітапхана меңгерушісі Қабылденова Айтжамал Қайырбекқызы планетамызда өмір сүретін әрбір адам өз Отаны, халқы, елі, жері және оның тарихы үшін мақтаныш сезімін сезінетінін айтқан болатын. Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп, өркендеп келеді. Олар өз ана тілдерін сақтап қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйреніп, сол тілде сөйлейді.  1989 жылдың 22-ші қыркүйегінде «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы» заң қабылданғаннан кейін, қазақ тіліне мемлекеттік тіл деген статусы берілген болатын. 2017 жыл барша қазақстандықтар үшін өте маңызды кезең болып басталған еді. Ол ҚР-ның алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес қазақ тілі әліпбиінің латын әріптерінің графикасына ауысуы болды. Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін латынға кезең-кезеңмен аудару бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Латын әліпбине көшудегі көшбасшылардың бірі «Ана тілі орталығы» ЖШС директоры Шолпан Духтурбайқызы Кинжикова деп атауға болады. Ол – латын графикасында қазақ тілін үйренуге арналған мобильді қосымшасы жобасының авторы.

Содан кейін  Кинжикова Ш.Д. практикалық сабақ өткізді, онда ол қазақ тілінде болған өзгерістерді нақтылап көрсетті.

Қатысқандар саны — 50 адам.

Комментарии запрещены.