«Қалықтаған жанның бастауы»

27 қыркүйек күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде «Альрами» клуб үйі мүшелері үшін Халықаралық музыка күніне арналған «Қалықтаған жанның бастауы» деп аталатын музыкалық салонын өткізді.

Жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна әңгімені 1975 жылы ЮНЕСКО шешімімен Халықаралық музыка күні болып белгіленді, оның бастамашысы атақты композитор, ХХ ғасыр классигі Дмитрий Дмитриевич Шостакович болды. Біздің өміріміздегі маңызды құрамдас бөліктернің бірі болып табылатын музыка күні – бұл музыканттар, композиторлар, әншілердің кәсіби мерекесі, сонымен қатар бұл музыка әуесқойлары мен білгірлері үшін де мереке. Содан ол дауыстап талқылауды ұсынды: музыка қайдан және қалай пайда болды?, адамдар қашаннан ән айта бастады?, алғашқы музыкалық аспаптар қалай пайда болды? Және т.б.

Барлығы бірауыздан өмірімізге еніп кеткен музыканы тыңдағанды ұнататындарын, онсыз олар өздерінің күнделікті тіршілігін елестете алмайтындарын айтты. Сүйікті әндердің әуендерінен көңіл-күй көтеріліп, ән айтып, би билегің келеді. Кейін олар «Музыкалық эрудит» атты ой қыздыруға, «Музыкалық жұмбақтар» интеллектуалды сайысына, «Мульти-пульти» виртуалды сұрақ-жауапқа белсене қатысты; Барлығы бірге – «Если с другом вышел в путь», «Голубой вагон», «Вместе весело шагать» атты балалық шақтың өлеңдерін рахаттана айтып шықты.

Шара соңы — «Трям: здравствуйте», «Чучело-мяучело», «По дороге с облаками» мультфильмнің көрсетілуімен аяқталды.

Қатысқандар саны – 29 адам.

Комментарии запрещены.