«Тіл – халқымның тірегі» дөңгелек үстел

Ленин кентінің №3 көпшілік кітапханасында, коворкинг орталығында 05.09. сағ.12.00 ҚР Тілдер күніне арналған «Тіл – халқымның тірегі» — «Язык – опора моего народа» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты — мемлекеттік тілге деген қызығушылық таныту, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу, Қазақстан халықтарының тілдеріне деген сүйіспеншілікті дамыту.

Кітапханашы Елемесова Бақыт Ғабдулбаритқызы қатысушыларға мемлекетіміздің аумағында дамып, жұмыс істейтін тілдер туралы айтып берді. Тіл —  жаңа әлемнің терезесі, ол достықтың делдалы. Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі Қазақстанның барлық тұрғындары үшін ортақ мереке болып табылады

Шара барысында Ленин кентінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұрқия Әдіқалыққызы Рахманованың баяндамасы тыңдалды, Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Ж.К. Орымбаев «Ақсақ киік» күйін орындады. Павлодар қаласының Ингуш диаспорасының өкілі Л.У. Медова мерекеге арналған өлендерін оқыды. Украин халқының өкілі Т. А. Сидоренко украин және белорус тілдерінде өлеңдер орындады.

Кітапханашы Б.Ы. Асылханова «Тіл — халқымның тірегі» — «Язык – основа моего народа» атты әдебиеттер көрмесіне шолу жасады, қатысушылар Қазақстанда тұратын басқа ұлт-өкілдерінің мәдениеті және салт-дәстүрлерімен танысты. Шарамызға Ардагер кеңесінің мүшелері, Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері, қазақтілтану мұғалімдері, № 31 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға 20 адам қатысты.

Комментарии запрещены.